Азиада-2026: Рината Сұлтанова жарыс жолындағы қиындықтарды айтты
СИНСИРО. KAZINFORM — Қазақстандық велоспортшы Рината Сұлтанова Жапониядағы ХХ жазғы Азия ойындарындағы жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті.
Спортшы Kazinform тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, барша қазақстандықтарға сәлем жолдады.
- Маған жанкүйер болғандардың барлығына зор алғыс айтамын. Осында болғаныма және елім мен отбасым үшін осы алтын медальді жеңіп алғаныма өте қуаныштымын,- деді Рината.
Сондай-ақ, отандасымыз жеңіс жолында қандай қиындықтарды бағындырғанын айтты.
- Бүгін бәрі ойдағыдай болды. Жарыс трассасы күрделі: мұнда төмен түсулер мен жоғары өрлеулер, сондай-ақ бағыт пен берілісті жиі өзгерту қажеттілігі бар, сондықтан бұл техникалық күрделі жарыс жолы саналады. Ауа райы тамаша болды. Жаңбыр жауады деп болжанған еді, бірақ біз одан аман қалдық,- деді спортшы.
Айта кетерлігі, ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарыс алаңына арнайы келіп, Рината Сұлтанованы жеңісімен құттықтады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Рината Сұлтанова әйелдер арасында тасжолдағы велоспортта 36 минут 23.72 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.
Сонымен қатар, Арлан Жаңабай триатлонан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.