Азиада алауы эстафетасы дирекциясының өкілі Солтүстік Қазақстан облысының осы іс-шараға дайындық деңгейін жоғары бағалады

ПЕТРОПАВЛ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысы VІІ қысқы Азия ойындары алауының эстафетасына белсенді дайындық үстінде.

Азиада алауы эстафетасы дирекциясының өкілі Солтүстік Қазақстан облысының осы іс-шараға дайындық деңгейін жоғары бағалады

Осы маңызды спорттық шараға дайындық жұмыстарын бағалау және үйлестіру мақсатында Астанадан Петропавлға Азиада алауы эстафетасы дирекциясының СҚО бойынша менеджері Роман Беккер арнайы келді. Азиада алауы эстафетасы дирекциясының өкілі Солтүстік Қазақстан облысының осы іс-шараға дайындығы деңгейін жоғары бағалады, бұл жерде тиісті жұмыстардың 70 пайызына жуығы аяқталып қалыпты.

«Маған адамдардың ынтасы, олардың жұмысқа зор қызығушылықпен, ынта-жігермен келіп отырғаны қатты ұнады. Олар эстафетаның, жалпы Азия ойындарының саяси және қоғамдық маңызын терең сезіне алған. Жасалған жұмыстарға менің көңілім толып отыр», - деді ол журналистерге берген сұхбатында.