Азиада алдында ескек есушілер ел біріншілігіне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Академиялық ескек есуден Жазғы Азия ойындары алдындағы Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Азиада алдында ескек есушілер ел біріншілігіне қатысады

ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметте көрсетілгендей, ел біріншілігі шілденің 14-18 аралығында Теміртаудағы Самарқан су қоймасында өтеді.

Қазақстан чемпионатына еліміздің үш облысы мен бір қаласынан спортшылар қатысады. Атап айтар болсақ, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ, Астана қаласының ескек есушілері өзара бақ сынайды.

Қазақстан біріншілігінде бабы мен бағы қатар шапқан спортшылар арасынан Жазғы Азиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама мүшелері жасақталады. Спортшылар ел біріншілігінде 2 километрге 14 олимпиадалық бағдарлама бойынша жарысады.

Еске сала кетейік, Жазғы Азия ойындары Джакартада (Индонезия) 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді.