11:01, 06 Ақпан 2011 | GMT +5
АЗИАДА: Бендиден өткізілетін матчқа Мемлекет басшысы Н.Назарбаев келеді деп жоспарлануда
АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Күтіліп отырғандай, бүгін «Медеу» мұз айдынында өтетін Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның құрама командаларының арасындағы бендиден финалдық матчқа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келеді деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік: осыған дейін біздің ойыншылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өздерінің қарсыластары Моңғолия (17:0) мен Қырғызстанды (21:0) айқын басымдықпен жеңген еді, осы жолы да жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімдері мығым.