АЗИАДА: Бендиден жерлестеріміз алтын медальді ұтып алды

АТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында Допты хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Моңғолияны ойсырата ұтып, алтын медальді еншіледі
None
None

Аталған ойынды басынан аяғына дейін тамашалаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жерлестеріміздің тағы бір жеңісіне куә болды.

Еліміздің спортшылары ойынның алғашқы кезеңін 7:0 есебімен ұтса, екінші кезеңді 16:2 ұпайымен аяқтап, кезекті алтын медальді қоржынға салды.

Күміс медаль Моңғолия командасына бұйырса, қоланы қырғыз елінің спортшылары місе тұтты.

Соңғы жаңалықтар