АЗИАДА: Д. Бабенко конькимен жүгіру спортынан масстарт жарысында қола жүлдегер атанды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 7-Қысқы Азия ойындарының бағдарламасы бойынша, бүгін Астанада конькимен жүгіру спортынан ерлер арасында 14 мың метрге масстарт жарысы өтті. Онда Қазақстан намысын қорғаған Дмитрий Бабенко қола жүлдегер атанды.

АЗИАДА: Д. Бабенко конькимен жүгіру спортынан масстарт жарысында қола жүлдегер атанды

Ал бұл жарыста оңтүстіккореялық спортшы Ли Сьюн Хун (Lee Seung Hoon) қарсыластарының барлығын шаң қаптырып, Ақ Азиаданың чемпионы атанды. Бұл спортшы аталмыш қашықтықты 20 минут 18,9 секундта жүгіріп өтті. Күміс жүлдені жапондық Хирако Хироки (Hirako Hiroki) иеленді. Ол чемпионнан 3,36 секунд қалып қойды. Ал Д. Бабенко болса, көмбеге жеңімпаздан 3,39 секунд кейін келді.