АЗИАДА: Допты хоккейден Моңғолия құрамасы Қырғызстанды 17:2 есебімен ұтты

АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 7-Қысқы Азия ойындарының бағдарламасына сәйкес, бүгін Алматыдағы "Медеу" биік таудағы мұз айдынында допты хоккейден алдын-ала ойындар басталды.

АЗИАДА: Допты хоккейден Моңғолия құрамасы Қырғызстанды 17:2 есебімен ұтты

Беташар матчта Моңғолия мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Бұл кездесуде Моңғолиялық бендишілер қырғызстандықтарды 17:2 есебімен тас-талқан етіп ұтты. Бірінші кезеңнің ішінде қырғызстандықтардың қақапасына жауапсыз 13 доп соғылды. Екінші кезеңде моңғолиялықтар тағы төрт доп соқты. Олардың бұл екпініне Қырғызстан құрамасының ойыншылары бар-жоғы екі доппен ғана жауап қайтара алды.

Матч басталар алдында "Медеу" мұз айдынында Халықаралық бенди федерациясының (ФИБ) туын оның президенті Борис Крынник Алматы әкімі Ахметжан Есімовке салтанатты жағдайда табыс етті. Айта кетейік, 2012 жылы "Медеуде" допты хоккейден әлем чемпионаты өтетін болады.