08:16, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
Азиада елшілері Тасқала ауданында болып, концерт қойды
ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Азиада елшілері-2011» жобасына қатысушы белгілі эстрада әншісі Алмас Кішкенбаев пен «Ринго» тобы 22 қаңтарда Тасқалада болып, аудандық мәдениет үйінде концерт қойды.

Мәдениет үйіне үлкен-кіші лық толып, ине шаншар орын болған жоқ. Азиада елшілерін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алған тасқалалықтар әншілердің өнеріне аса риза болды.
Жетінші қысқы Азия ойындарына байланысты «Азия елшілері-2011» жобасы қолға алынып, соған сәйкес танымал өнер қайраткерлерінің қатысуымен еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени шаралар қолға алынғаны мәлім. Шараны ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, Азиада рухы қаладан да, даладан да сезіледі. Бұл оның спорттық жарыс қана емес, бүкілхалықтық мерекеге айналғанын көрсетеді.