«Азиада елшілері» үлкен концерт берді - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «2011 жылғы Азиаданың елшілері» 14 қаңтарда Павлодар облысында болды.
Қазақстанның танымал әртістерінің тобы «Астана» мұз айдынында БАҚ өкілдерімен, мәдениет қызметкерлерімен кездесті, өткелі отырған үлкен спорттық шараны -Азиада ойындарын халыққа кеңінен таныстыру жөніндегі өз қызметтері туралы әңгімелеп берді.
«Біз қалалар мен ауылдарды аралап, халыққа Азиада туралы әңгімелеп келеміз, концерттер қоюдамыз. Алдағы байрақты бәсекеден көп жақсылық күтудеміз, халықты танымал спортшыларымызды кеңінен таныстырудамыз. Және халыққа жақсы көңіл-күй сыйлау үшін концерттер де беріп жатырмыз», - дейді мәдениет саласына еңбек сіңірген қайраткер Бақыт Шадаева ханым.
«Азиада елшілері» кешке Успенка селосының Мәдениет үйінде концерт берді.