Азиада: Фристайлдан акробатика саласы бойынша ерлер арасындағы ақтық сайыстар басталды
АТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы маңындағы «Табаған» спорттық-сауықтыру кешенінде 7-Қысқы Азия ойындары аясында өтіп жатқан фристайлдан акробатика саласы бойынша ерлер арасындағы ақтық сайыстар басталды.
Оған Қытай елінен 2 спортшы, Моңғолиядан 1, Жапониядан біреу қатысса, Қазақстан атынан Руслан Әблятифов пен Сергей Берестовский өнер көрсетеді.
1986 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген Сергей акробатикалық алаңда секіру бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, фристайлдан Қазақстан Республикасының спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі. 2009 жылы Еуропа Кубогының, фристайлдан Қытай және Ресей ашық біріншіліктерінің ақтық бәсекесінде өнер көрсеткен Сергей 2009 жылы Жапонияда өткен Әлем чемпионатында 29-орынға ие болған.