АЗИАДА: Хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншысы Вадим Краснослабодцев үздік шабуылшы атанды

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншысы Вадим Краснослабодцев үздік шабуылшы атанды.
None
None

Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында 7- Қысқы Азия ойындары аясында өткен шайбалы хоккейден финалдық кездесулер өтіп, Қазақстан құрамасы Жапонияны 4:1 есебімен ұтты. Осыдан 4 жыл бұрын қытайдың Чанчунь қаласында өткен 6-Қысқы Азиада ойындары аясында хоккейден Жапонияға ұтылуға мәжбүр болған Қазақстан құрамасы бүгін есе қайтарды.

Сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау рәсімінен кейін 7-Қысқы Азия ойындары аясында өткен шайбалы хоккейден үздік қақпашы, үздік қорғаушы және үздік шабуылшының есімі белгілі болды.

Сонымен, турнирдің үздік қақпашысы мәртебелі атағы Жапония құрамасының қақпашысы Фукуфуджи Ютакаға бұйырды. Осы елдің тағы бір ойыншысы Аарон Келлер үздік қорғаушы атанды. Ал турнирдің үздік шабуылшысы деп Қазақстан құрамасының ойыншысы Вадим Краснослабодцев танылды.

Соңғы жаңалықтар