АЗИАДА: Хоккейден Қазақстан-Жапония командалары арасындағы ойынның өткізілетін уақыты өзгертілді

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - 7-Қысқы Азия ойындары аясында шайбалы хоккейден ерлер құрамалары арасындағы ойындар бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

АЗИАДА: Хоккейден Қазақстан-Жапония командалары арасындағы ойынның өткізілетін уақыты өзгертілді

Топ дивизионда өнер көрсетіп жатқан Қазақстан мен Жапония командалары арасындағы матч бастапқыда жоспарланғанындай 6 ақпан күні сағат 16:00-де емес, 6 сағат 14:00-де бастатын болады. Кездесу Астана қаласындағы «Қазақстан-1» спорт сарайында өтеді. Айта кетейік, Жапония құрамасы Ақ Азиададағы Қазақстан құрамасының басты қарсыласы болып табылады.