Азиада қарсаңында Қазақстанда көптеген бірегей спорт нысандары бой көтерді, бұл - Азиаданы ең жоғары деңгейде ұйымдастырылып отырғанын көрсетеді-Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Жак Рогге
АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Жак Роггені қабылдады, деп хабарлады Ақордадан.
Кездесуде екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері және Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін дамытудың жай-күйі талқыланды.
Жак Рогге қысқы Азиялық ойындардың жоғары халықаралық деңгейде өткізіліп отырғанына алғысын білдірді.
- Азиада қарсаңында Қазақстанда көптеген бірегей спорт нысандары бой көтергенін айтып өткім келеді. Бұл, Азиаданың ең жоғары деңгейде ұйымдастырылып отырғанын көрсетеді. Президентпен болған әңгіме барысында біз сондай-ақ 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды Қазақстанда өткізу мүмкіндігін де талқыладық, - деді Ж.Рогге журналистерге берген брифингте.