АЗИАДА: Қазақстан құрамасының бүгінгі қарсыласы - Қытайлық Тайпей

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде 7- Қысқы Азия ойындары аясында шайбалы хоккейден жоғары дивизиондағы командалардың арасында кезекті ойындар өтеді.

АЗИАДА: Қазақстан құрамасының бүгінгі қарсыласы - Қытайлық Тайпей

Бірінші кездесуде Қазақстанның басты қарсыластары болып саналатын Жапония мен Корея командалары өзара күш сынасады. Осы ойыннан кейін мұз айдынына Қазақстан мен Қытайлық Тайпей хоккейшілер шығады. Ойын кешкі сағат 19:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияның хоккейшілері Қытайлық Тайпей командасын 18:0 есебімен ұтса, Корея құрамасы Қытайлық Тайпейді 22:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Хомутов Қытайлық Тайпей құрамасын біздің командамыздың негізгі қарсыласы ретінде қарастырмауда. Сондықтан бүгінгі ойында біздің хоккейшілер жеңіске жетуі тиіс. Біздің команда бірінші ойныда Қытайды 14:1 есебімен ойсырата ұтқан болатын.