Азиада: Қазақстан ТОП-10 қатарына кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы құрлықтың мықты елдерінің оңдығына кірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Азиада: Қазақстан ТОП-10 қатарына кірді

Бұл Өзбекстан құрамасынан озып шығып, ел қоржынына жетінші алтын медальді алып келген қазақстандық гимнасшыларының арқасында болды.

Қазіргі таңда отандық споршыларымыз 43 медальді еншілеп отыр. Олардың қатарында 7 алтын,  8 күміс және 28 қола бар.