АЗИАДА: Қазақстандық биатлоншылар 7-қысқы Азия ойындарында 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалады

АТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматы облысының Солдат шатқалындағы шаңғы-биатлон стадионында Ақ Азиада аясында биатлоннан соңғы 7 медальдар топтамасы сарапқа салынған болатын.
None
None

Онда Александр Червяков, Николай Брайченко, Ян Савицкий және Диас Кенешев 4х7,5 шақырымдық эстафета жарысының жеңімпазы атанды. Кеше мұндай мәртебеге 4х6 шақырымдық эстафетада Марина Лебедова, Ольга Полторанина, Инна Можевитина мен Елена Хрусталева қол жеткізген еді.

Қазақстандықтар бұл байрақты бәсекеде әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринтте күміс және қола жүлдені қанағат тұтса, ерлер арасындағы 20 шақырымдық жеке жарыста жүлдеден тыс қалды. Атап айтқанда қытайлық Уанг Шунли (Wang Chunlu) Азия чемпоны, ал қазақстандық Елена Хрусталева мен Марина Лебедева 2-3 орындарды бөлісті. Ал ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей сында жапондық Дзундзи Нагай (Junji Nagai) Азия чемпионы, қытайлық Лон Рен (Long Ren) мен Жонгхай Ли ( Zhonghai Li) күміс және қола жүлдегер атанып, қазақстандықтардан Николай Брайченко алтыншы, Александр Червяков жетінші орынға табан тіреді.

Жалпы 7-қысқы Азия ойындары кезінде Александр Червяков 10 шақырымдық спринтте және 10 шақырымдық спринт пен 12 шақырымдық із қууда 2 дүркін Азия чемпионы атанды. Елена Хрусталева 15 шақырымдық жекелей сында Азия чемпионы, 7,5 шақырымдық спринтте Азияның күміс жүлдегері болды. Ал Марина Лебедова 2 дүркін қола жүлде иеленді.

Соңғы жаңалықтар