АЗИАДА: Қазақстандық тау шаңғышы И. Закурдаев Азия ойындарының күміс жүлдегері

АЛМАТЫ. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның спортшысы Джун Донхён (Jung Donghyun) тау шаңғысы спортынан ерлер арасындағы суперкомбинация жарысында алтыннан алқа тағынып, чемпион атанды. .
None
None

Атап өтерлігі, суперкомбинацияның бірінші түрі - супергигант слаломынан кейін Джун Донхён қазақстандық Игорь Закурдаевқа 0,88 секундқа ұтылып, екінші орында тұрған болатын. Алайда, ұшына жалаушалар байланған жерге қадалған шыбықтардың арасынан өте отырып құлдилаудың екінші кезеңінде Джун Донхён қазақстандықтан озып кетті, сөйтіп Ақ Азиаданың чемпионы атанды. Жеңімпаздың қорытынды уақыты 1 минут 45,82 секунд. Одан тура 1 секунд қалып қойған Игорь Закурдаев күміс жүлдені қанағат тұтты. Қола жүлде тағы бір оңтүстіккореялық спортшы Ким Вусунге (Kim Woosung) бұйырды. Ол отандасына 2,04 секунд ұтылып қалды.

Соңғы жаңалықтар