Азиада: Қазақстанның негізгі қарсыласы - Жапонияның хоккейшілері екінші рет жеңіске жетті

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде 7-Қысқы Азия ойындары аясындағы шайбалы хоккейден жоғары дивизион жарыстарының кезекті ойыны өтті.

Азиада: Қазақстанның негізгі қарсыласы - Жапонияның хоккейшілері екінші рет жеңіске жетті

Бұл кездесуде Жапония мен Қытайлық Тайпей құрамалары кездескен болатын. Ойынның нәтижесі бойынша жапондық хоккейшілер өз қарсыластарын 18:0 есебімен ойсырата ұтты. Осымен Жапония Қытай мен Қытайлық Тайпей командаларын тізе бүктіріп, екінші рет жеңіске жетіп отыр.

Айта кетейік, шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бапкерлері Жапонияның командасын алдағы жарыстардағы негізгі қарсыластардың бірі ретінде қарастыруда.