Азиада: Қазақстанның шаңғышы қыздары командалық спринтте Азиада чемпионы атанды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін 7-қысқы Азия ойындары аясында Шаңғыдан Қазақстанның әйелдер құрамасы тағы бір алтын медальға ие болды.

Азиада: Қазақстанның шаңғышы қыздары командалық спринтте Азиада чемпионы атанды

Жерлестеріміз Елена Коломина мен Оксана Ятская еркін стильмен 1,2 шақырымдық командалық спринттік жарыста жеңімпаз атанды. Мәреден шыға салып көш бастаған біздің спортшылар көмбеге 20 минөт 39,9 секунд ішінде келді. Ал олардың қарсыластары - қытайлық қыздар Мань Даньдань (Man Dandan) мен Ли Хонсю (Li Hongxue) біздің спортшыларымыздан 36,5 секундқа артта қалып, күміс жүлдеге ие болды. Жапонияның шаңғышы қыздары Омори Наоко (Omori Naoko) мен Кобаяси Юки (Kobayashi Yuki) қазақстандық қыздардан 54,5 секундқа артта қалып, қола жүлдені иеленді.

Яцкая мен Коломина қазақстандық команданың қоржынына ағымдағы Ойындардан 7-алтын медальді салды.
Жарыстар Талғар аудандындағы "Солдат" шатқалындағы шаңғы-биатлон стадионында өтті.