АЗИАДА: Классикалық жүріспен 30 шақырымдық жарыста жерлестеріміз алтын және күміс медальді ұтып алды

АТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында Алматы маңындағы Солдат шатқалында өткен классикалық жүріспен 30 шақырым қашықтыққа болған ерлер жарысында қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин жеңіске жетті.
None
None

Спортшы қашықтықты 1 сағат 24 минут 49 секундта бағындырды. Алтын медальдің "тағдыры" А.Полторанин мен тағы бір отандасымыз Сергей Черепановтың арасындағы жекпе жекте шешілді. Нәтижесінде Черепанов Полторанинге тура 0,5 секундқа жол берді. Жеңімпаздар үштігін Полтораниннен 25 секундқа кеш келген жапондық спортшы Йосида Кейсин (Yoshida Keishin) тұйықтады. Бір айта кетерлігі, Полторанинге бұл жеңіс - ағымдағы ойындардағы төртінші алтын медальді әкелді. Бұған дейін қазақстандық шаңғышы қысқа қашықтықтағы жеке жарыста, Николай Чеботькомен болған командалық жарыста және Қазақстан құрамасының қатарында 4х10 шақырымға эстафеталық жарыста жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар