12:49, 06 Ақпан 2011 | GMT +5
АЗИАДА: Конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы жүлделі орындарға іліге алмады
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 7-қысқы Азия ойындары аясында Астанада өткен конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы жүлделі орындарға іліге алмады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі жарысқа Қазақстан құрамасы атынан Ольга Жигина, Татьяна Сокирко, Екатерина Айдова өнер көрсеткен болатын. Нәтижесінде спортшы қыздарымыз төртінші орынға табан тіреді.
Оңтүстік Корея командасының атынан өнер көрсеткен Ли Джуен, Но Сынен және Пак Доен 3 мың 400 метр қашықтықты 3 минут 4,35 секунда жүгіріп өтіп, жаңа рекорд орнатты және осы жарыстың жеңімпаздары атанды. Ал Қытай құрамасының атынан шыққан Ван Фэй, Фу Чуньян, Цзи Цзя, кореялық қарсыластарынан 1,58 секунд кейін келіп, жүлделі екінші орынды иеленді. Сондай-ақ 3 мың 400 метр қашықтықты 3 минут 7,89 секундта аяқтаған Жапония спортшыларына жүлделі үш орын бұйырды.