«Азиада, қош келдің!» - Павлодардағы жас суретшілердің көрмесі осылай аталады

ПАВЛОДАР. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ертең, 23 желтоқсан күні Павлодарда балалар сурет мектебі оқушыларының «Азиада, қош келдің!» атты көрмесі ашылады, деп мәлім етті Павлодар облыстық сурет мұражайы.

«Азиада, қош келдің!» - Павлодардағы жас суретшілердің көрмесі осылай аталады

Топтамада Қазақстанда өтетін VII қысқы Азиада ойындарына арналған жас суретшілердің 60 суреті қойылмақ. Ойындардың басталу тарихында алғаш рет спорттың 11 түрі бойынша жарыстар өтеді. Балалардың қыл қаламынан туған суреттерде шаңғышылар мен сырғанақ тебушілерді, мәнерлеп би билеушілер мен хоккеистерді, табиғаттың тамаша бейнелерін көруге болады.