АЗИАДА: Қырғызстанның хоккейшілері көш бастап келеді
АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Кеше, қаңтардың 31-і күні Астанадағы «Барыс» спорт кешенінде 7-Қысқы Азия ойындары аясындағы шайбалы хоккейден премьер-дивизион жарыстарының кезекті ойыны өтті.
Бұл кездесуде Қырғызстан мен Моңғолияның құрама командалары кездесті. Ойынның нәтижесі бойынша қырғыз хоккейшілері өз қарсыластарын 13:3 есебімен ойсырата ұтты. Бұл - Қырғызстан құрамасының үшінші жеңісі. Бұған дейін ол Тайланд пен Біріккен Араб әмірліктерін жеңген болатын. Қазіргі кезде шайбалы хоккейден ерлер арасындағы премьер-дивизионда Қырғызстан командасы көш бастап келеді.