АЗИАДА: Қырғызстанның құрама командасы шайбалы хоккейде бірінші орын алуы мүмкін

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Барыс» спорт кешенінде 7-Қысқы Азия ойындары аясында өтіп жатқан шайбалы хоккейден ерлер командалары арасындағы премьер-дивизион жарыстарының кезекті ойынында Қырғызстанның құрамасы Малайзияны жеңді.

АЗИАДА: Қырғызстанның құрама командасы шайбалы хоккейде бірінші орын алуы мүмкін

Есеп - 23:2. Осымен Қырғызстан құрамасы Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия мен Малайзияны артқа тастап, төртінші рет жеңіске жетіп отыр. Спорт сарапшыларының айтуынша, премьер-дивизион санатында бірде-бір жеңілмей келе жатқан қырғызстандық хоккейшілер бірінші орынды алуы әбден мүмкін. Алдағы уақытта олар Бахрейн мен Куәйт командаларымен кездеспек. Аталған екі команда бұған дейінгі кездесулердің бәрінде де ұтылған болатын.

Премьер-дивизионда 2-3-орындар үшін Тайланд, Малайзия, Моңғолия және Біріккен Араб Әмірліктері таласады.