АЗИАДА: Қытай хоккейшілері бірінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында 7-Қысқы азия ойындары аясындағы шайбалы хоккейден жоғары дивизионда өнер көрсетітіп жатқан Қытай мен Қытайлық Тайпей командалары кездесті.
None
None

Матч 10:1 есебімен Қытай құрамасының пайдасына шешілді, сөйтіп олар Азиададағы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін Қытай құрамасы Жапониядан 1:7 есебімен ұтылса, Қазақстанға 1:14 есебімен жеңілген болатын. Қытайлық Тайпей болса, осымен қатарынан төртінші мәрте ұтылды. Олар бұған дейін Кореядан 0:22, Жапониядан 0:18 және Қазақстаннан 0:35 есебімен тас-талқан болып жеңілді.

Қытай құрамасының бас бапкері Лебедзэу Йохенидің айтуынша, Азия ойындарының тарихында қытайлық хоккейшілер Жапонияда өткен Ақ Азиаданың алғашқы сайыстарында ғана жеңіске жеткен болатын. «Ол кезде Қазақстан құрамасы шайбалы хоккей ойындарына қатысқан жоқ», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар