АЗИАДА: Қытайлық спортшы Лю Цюхон шорт-тректен 500 метрге жүгіруден Ақ Азиада чемпионы атанды
АНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - /Айдар Оспаналиев/ - 7-қысқы Азия ойындары аясында Астанадағы Республикалық велотректе шорт-тректен әйелдердің 500 метрге жарысы аяқталды. Оның нәтижесі бойынша аталмыш қашықтықты 43,964 секундта жүгіріп өткен қытайлық спортшы Лю Цюхон (Liu Quihong) чемпион атанды.
Күміс жүлде де қытайлық спортшы - Фань Кесиньге (Fan Keqin) бұйырды. Ол 500 метрді 44,070 секунд аралығында бағындырды. Қола медальді жапондық шорт-трекші Сакаи Юи (Sakai Yui) (44,399 секунд) жеңіп алды. Бұл жарыста қазақстандық конькишілер жүлдеге қол жеткізе алмады.