АЗИАДА: Малайзияның хоккейшілері Куәйттің құрамасын жеңді

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Кеше, 29 қаңтар күні Астанадағы «Барыс» спорт кешенінде шайбалы хоккейден ерлер арасында өткен премьер-дивизион санатындағы кезекті кездесуде Малайзияның хоккейшілері Куәйттің құрамасын жеңді.

АЗИАДА: Малайзияның хоккейшілері Куәйттің құрамасын жеңді

Ойынның нәтижесі бойынша Малайзия елінің хоккейшілері Куәйттің құрамасын 12:7 есебімен жеңді. Бұл - Малайзияның екінші жеңісі. Бұған дейін Бахрейн командасымен кездескен ол қарсыластарын 25:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Ал Куәйттің құрамасы Моңғолиядан 2:3 есебімен жеңілген еді.

Енді, 31 қаңтар күні Куәйт Тайландтың құрамасымен кездессе, 1 ақпанда Малайзия Қырғызстанның хоккейшілерімен ойнайтын болады.