АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы қысқа бағдарламада жапондық спортшылар үздік өнер көрсетті

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы Республикалық велотректе Ақ Азиада ойындары аясында өткен мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама аяқталды.
None
None

Бірінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша, турнирлік кестенің жоғарғы орнына төрешілердің берген 54,48 ұпайымен (27,72 ұпай - техникасы үшін, 26,76 ұпай - шеберлігі үшін) жапондық Мураками Канако (MURAKAMI Kanako ) орналасты. Екінші орынға 54,02 ұпаймен оның отандасы Имаи Харука (IMAI Haruka ) , үшінші орынға 52,65 ұпаймен оңтүстік кореялық Квак Мин Жеон (KWAK Min-Jeong ) орналасты.

Бұл жарыста ел намысын қорғаған Кристина Прилепке техникасы үшін - 17,92 және шеберлігі үшін - 18,31, барлығы - 36,23 ұпай жинап оныншы орыннан көрінді. Екінші отандасымыз Марина Шишкина күрделі элементті жасау барысында өкінішке қарай, мұз айдынында құлап қалып, жалпы ұпай санынан 1,00 балл жоғалтып алды. М.Шишкина 25,61 ұпаймен турнирлік кестеде 15 орында тұр.

Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы Азиада жеңімпаздары ертең, 5 ақпан күні анықталатын болады. Спортшылар еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар