АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаудан жұппен қысқа бағдарламада қытайлық спортшылар үздік өнер көрсетті

sp;АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Қысқы Азия ойындарының аясында Астанадағы республикалық велотректе өткен спорттың мәнерлеп сырғанау түрі бойынша жұппен қысқа бағдарлама жарысында қытайлық спортшылар үздік өнер көрсетті.

АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаудан жұппен қысқа бағдарламада қытайлық спортшылар үздік өнер көрсетті

Алғашқы күннің жарыс нәтижесі бойынша 68,36 ұпай жинаған қытайлық жұп Пан Син мен Тон Цзянь бірінші орынға орналасса, олардың отандастары Суй Вэнцзин мен Хань Цун 59,22 ұпаймен екінші орында тұр.

Алғашқы үштікті 53,60 ұпаймен Солтүстік Корея спортшылары Ли Джи Хан мен Тэ Вон Хок тұйықтады.

Қазақстандық жұп - Лидия Вовленко мен Владимир Руди жарақат салдарынан жарыс алаңына шыққан жоқ.

Айта кетейік, 5 ақпан күні аталмыш жұптардың жарысы жалғасып, олар еркін бағдарламада өнер көрсететін болады.