17:49, 05 Ақпан 2011 | GMT +5
АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасы бойынша жеңімпаздар анықталды
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астанадағы Республикалық велотрек ғимаратында 7-Қысқы Азия ойындары аясында мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламаның жеңімпаздары анықталды.
Бұл топта 177.04 ұпай жинаған жапондық спортшы Мураками Канако алтыннан алқа тақты. Оның әріптесі жапондық Имай Харука күмісті еншілесе, кореялық Квак Мин-Джонг қола жүлдеге ие болды.
Біздің мәнерлеп сырғанаушылар Кристина Прилепко және Марина Шишкина 8-12 орындарды қанағат тұтты.