АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаушы Д. Тен қысқа бағдарлама бойынша әзірге бірінші орында келеді

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ақ Азиаданың бағдарламасына сәйкес, осы сәттерде Астанадағы Республикалық велотректе мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы қысқа бағдарлама бойынша жарыс өтіп жатыр.

АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаушы Д. Тен қысқа бағдарлама  бойынша әзірге бірінші орында келеді

Отандасымыз Дени Тен 76,22 ұпаймен осы уақытқа дейін мұз айдынына шыққан спортшылардың арасында бірінші орында келеді. Тағы бір қазақстандық спортшы Абзал Рахымғалиев 56,43 ұпаймен әзірге үшінші орында тұр. Қысқа бағдарлама бойынша барлығы 14 мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсететін болады. Жеңімпаздар ертең, 4 ақпан күні өтетін еркін бағдарлама сайысынан кейін анықталады.