АЗИАДА: Могулшы Юлия Галышева Қазақстан қоржынына 14-алтын жүлдені салды

АЛМАТЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстандық могулшы Юлия Галышева Ақ Азиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Бүгін Алматыдағы "Табаған" спорттық-сауықтыру кешенінде өткен әйелдер арасындағы параллельді могул жаттығуында Юлия Галышева ешкімге дес бермеді, сөйтіп алтыннан алқа тақты.

АЗИАДА: Могулшы Юлия Галышева  Қазақстан қоржынына 14-алтын жүлдені салды

Бұл Қазақтан қоржынына түскен 14-алтын медаль. Осы сайыста күміс жүлде де қазақстандық спортшыға бұйырды. Жерлесіміз Юлия Родионова финалда Юлия Галышеваға 33:2 есебімен ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Қола жүлдені жапониялық могулшы Ито Мики (Ito Miki) жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін болған жарыста отандасы Сатое Таені (Satoya Tae) 21:14 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұл Юлия Галышеваның Қазақстан қоржынына салған екінші алтын жүлдесі. 31 қаңтар күні Алматыдағы "Табаған" спорттық-сауықтыру кешенінде өткен жарыста ол 1-орын алды. Ол жарыста 2-орынды жапондық Ито Лити, 3-орынды қытайлық Нинг Чин иеленген болатын. Бұл жарыс барысында спортшылар тау беткейінен төмен қарай сырғанап, белгіленген ереже бойынша екі жерден секіріс жасап, 250 метрге созылған қиын шаңғы жолынан өтті.