Азиада нысандары электр қуатымен жабдықтаудың жоғары сенімділік режіміне ауыстырылды

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов Азиада-2011 ойындарына дайындық жүргізу және оны өткізу кезеңінде нысандардың электр қуатымен сенімді жабдықталуын қамтамасыз ету мәселесіне арналған кеңес өткізді.

Азиада  нысандары электр қуатымен    жабдықтаудың   жоғары сенімділік режіміне   ауыстырылды

Азиадаға дайындық жүргізу және оны өткізу кезеңінде, 25 қаңтар мен 7 ақпанның аралығында Азиада нысандары электр қуатымен сенімді жабдықтаудың жоғары режіміне ауыстырылмақ. Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің энергожүйелерінің параллель жұмыстарын сақтау және Солтүстік-Оңтүстік транзитінің сенімділігін күшейту шаралары да қабылданып отыр.

Вице-министрі Д.Тұрғанов, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы А.Тұрлыбек аймақтық электр компанияларының, атап айтқанда Астанадағы «Қалалық электр желісі» АҚ мен Алматыдағы «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның өкілдерімен бірлесіп, Азиялық ойындар өтетін нысандардың электр қуатымен сенімді және үздіксіз жабдықталу жағдайын тексеріп шыққан болатын. Бірқатар кемшіліктер анықталып, мердігер ұйымдар мен тапсырыс берушілерге ол кемшіліктерді жою туралы тапсырмалар берілді.