АЗИАДА: Оңтүстіккореялық Но Сонён конькимен жүгіру спортынан әйелдер арасында масстарт жарысында чемпион атанды
АНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Оңтүстіккореялық спортшы Но Сонён (Noh Seonyeong) конькимен жүгіру спортынан әйелдер арасында 25 айналымдық масстарт жарысында ешкімге дес бермей, 7-Қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды.
Астанадағы Конькимен жүгіретін жабық стадионда өткен жарысты ол 25 айналымды 18 минут 7,5 секундта жүгіріп өтті. Чемпионнан 0,3 секунд қалып қойған жапондық Ходзуми Масако (Hozumi Masako) күміс жүлдегер атанды. Ал қола жүлдені тағы бір оңтүстіккореялық спортшы Ли Джуён (Lee Juyoun) иеленді. Ол отандасынан көмбеге 0,32 секунд кейін келді. Бұл жарысқа қатысқан қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар шаң қауып қалды.