Азиада ойындары кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 9 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылатын болады - Ішкі істер министрі С.Баймағамбетов

АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Азиада ойындары кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 9 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылатын болады.

Азиада ойындары  кезінде  қоғамдық  тәртіпті қамтамасыз  етуге   9 мыңнан  астам полиция қызметкері  жұмылдырылатын болады -   Ішкі істер  министрі  С.Баймағамбетов

Алматы қаласында 3 мың полицей тартылмақ. Алматының спорт нысандарын аралаған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен бүгінгі кеңесте Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов осылай деді.

Министрдің айтуынша, қосымша полиция күштері басқа өңірлерден тартылатын болады.

«ЕҚЫҰ саммитіне жүргізілген дайындық барысындағыдай, біз ұйымдастыру шараларының жоспарын әзірлейтін республикалық штаб құрдық. Алматы және Астана қалаларында да жедел штабтар құрылып отыр», - деді министр С.Баймағамбетов өз сөзінде.

Алматы Ішкі істер департаментінің бастығы Ерлан Тұрғымбаев өз кезегінде, қалада қауіпсіздік мәселелеріне айрықша назар аударылатынын айтты. Атап айтқанда, бүкіл қала бойынша 700 бейнебақылау камерасы орнатылады, оған қоса 143 полиция бекеті жұмыс істейтін болады.