Азиада ойындарындағы қазақстандық рекордтар
![None None](/static/img/plug.webp)
Азиаданың басты рекорды - Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай спортшыларымен болған сайыстарда қазақстандық спортшыларымыз жеңіп алған 32 алтын медаль. Азиялық ойындарда осыдан 25 жыл бұрын Саппорода Жапония құрамасы 29 алтын медаль қанжығалап, рекорд орнатқан болатын және содан бері бұл рекордты ешкім жаңартпаған еді. Оған қоса, жалпы медаль саны бойынша да рекорд жаңартылып отыр: 2003 жылғы Азиадада сол баяғы Жапония барлығы 67 медаль иеленген болса, біздің қазақстандық спортшыларымыз 70 медаль (оның ішінде 32 алтын, 21 күміс, 17 қола) қанжығалап, айды аспанға бір-ақ шығарды.
«Алау» конькимен жүгіру орталығында Азияның 9 рекорды орнатылды. Коньки жарыстары жоғары деңгейде өтті: оған Олимпиадалық ойындардың 5 жүлдегері, оның ішінде 2 олимпиада чемпионы қатысты. Ал біздің Дмитрий Бабенконың 2 күміс және 2 қола медалі, қазақстандықтардың коньки жарыстарында оңай қарсылас емес екенін дәлелдеп отыр.
Траплиннен секіруші Евгений Левкин, конькиші Денис Кузин, еліміздің фристайл құрамасы, жас шорт-трек командасы мен бенди командасы Азиаданың жаңалығы атанды. Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Александр Червяков, Денис Тен, Елена Хрусталева сынды танымал спортшыларымыз бен шайбалы хоккей құрамасы да өздеріне артылған үмітті ақтады, жеңіс тұғырынан көріне білді.
Ольга Новикова, Михаил Сорокин, Алексей Полтораниндер - Азиаданың төрт дүркін чемпиондары атанса, Юлия Галышева, Николай Чеботько, Людмила Федотова, Дмитрий Кошкин, Дмитрий Бармашов, Оксана Яцкая, Елена Коломина, Елена Хрусталева, Дмитрий Бабенколар - бірнеше дүркін жүлдегерлер атанды.
Сонымен, Қазақстан қоржынына медаль салған саңлақтарымыздың аты-жөндерін назарларыңызға ұсынамыз (ретімен):
Алтын медальдар:
1.Ольга Новикова - шаңғымен бағдарлау, спринт
2. Михаил Сорокин - шаңғымен бағдарлау, спринт
3. Юлия Галышева - фристайл, могул
4. Дмитрий Рейхерд - фристайл, могул
5. Дмитрий Кошкин - тау шаңғысы, жылдамдықпен сырғанау
6. Алексей Полторанин - шаңғы жарысы, спринт 1,6 шақырым
7. Оксана Яцкая, Елена Коломина - командалық спринт, шаңғы жарысы, 2х3
8. Ал.Полторанин, Николай Чеботько - командалық спринт, шаңғы жарысы, 2х3
9. Игорь Закурдаев - Тау шаңғысы, супергигант
10. Александр Червяков - биатлон, спринт 10 шақырым
11.Ольга Новикова - Шаңғымен бағдарлау, орта қашықтық
12. Михаил Сорокин - Шаңғымен бағдарлау, орта қашықтық
13. Александр Червяков - биатлон,із кесу, 12,5 шақырымға
14. Юлия Галышева - фристайл, қатар могул
15. Дмитрий Бармашов - фристайл, қатар могул
16. Допты хоккейден қыздар құрамасы
17. Ольга Новикова - шаңғымен бағдарлау, ұзақ қашықтық
18. Михаил Сорокин - шаңғымен бағдарлау, ұзақ қашықтық
19. Людмила Федотова - тау шаңғысы, суперкомбинация
20. Евгений Левкин - К95 трамплинінен секіру
21. Елена Хрусталева - биатлон, 15 шақырымға жеке жарыс.
22. Денис Кузин - коньки жарысы, 1500 м
23. Денис Тен - мәнерлеп сырғанау, ерлер арасында
24. Марина Лебедева, Ольга Полторанина, Инна Можевитина, Елена Хрусталева - биатлон, 4х6 эстафетасы
25. Ел.Коломина, Окс.Яцкая, Анастасия Слонова, Св.Малахова-Шишкина - шаңғы жарысы, 4х5 эстафетасы
26. Сер.Черепанов, Ал.Полторанин, Ник.Чеботько, Евгений Величко - шаңғы жарысы, 4х10 эстафетасы
27. Евгения Кузьмина, Эльмира Молдашева, Ольга Новикова - шаңғымен бағдарлау, эстафета
28. Александр Бабенко, Аслан Токбаев, Михаил Сорокин - шаңғымен бағдарлау, эстафета
29. Ал. Червяков, Николай Брайченко, Ян Савицкий, Диас Кенешев - биатлон, 4х7,5 эстафетасы
30. Допты хоккейден ерлер құрамасы
31. А.Полторанин - шаңғы жарысы, марафон, 30 шақырым
32. Шайбалы хоккейден ерлер құрамасы
Күміс медальдар:
1. Александр Бабенко - шаңғымен бағдарлау, спринт
2. Елена Хрусталева - биатлон, спринт
3. Дмитрий Бабенко - коньки жарысы, 5 мың м
4. Елена Коломина - шаңғы жарысы, спринт 1,2 шақырымға
5, Николай Чеботько - шаңғы жарысы, спринт 1,6 шақырымға
6. Людмила Федотова - тау шаңғысы, жылдамдықпен сырғанау
7. Игорь Закурдаев - тау шаңғысы, жылдамдықпен сырғанау
8.Дмитрий Кошкин - тау шаңғысы, супергигант
9. Людмила Федотова - тау шаңғысы, супергигант
10. Жибек Арапбаева - фристайл, акробатика
11. Евгения Кузьмина - шаңғымен бағдарлау, орта қашықтық
12. Виталий Лиличенко - шаңғымен бағдарлау, орта қашықтық
13. Евгения Кузьмина - шаңғымен бағдарлау, ұзақ қашықтық
14. Евгений Немцев - шаңғымен бағдарлау, ұзақ қашықтық
15. Алексей Королев, Радик Жапаров, Евгений Левкин, Николай Карпенко - К125 трамплинінен секіру
16. Юлия Родионова - фристайл, қатар могул
17. Игорь Закурдаев - тау шаңғысы, суперкомбинация
18. Дмитрий Бабенко - коньки жарысы, 10 мың м
19. Николой Чеботько - шаңғы жарысы, классика, 10 шақырым
20. Елена Коломина - шаңғы жарысы, марафон, 15 шақырым
21. Сергей Черепанов - шаңғы жарысы, марафон, 30 шақырым
Қола медальдар:
1. Евгения Кузьмина - шаңғымен бағдарлау, спринт
2. Николай Карпенко - К125 трамплинінен секіру
3. Марина Лебедева - биатлон, спринт 7,5 шақырымға
4. Оксана Яцкая - лыжние гонки, спринт 1,2 шақырымға
5. Ксения Строилова - тау шаңғысы, жылдамдықпен сырғанау
6. Дмитрий Бармашов - фристайл, могул
7.Руслан Аблятифов - фристайл, акробатика
8. Дмитрий Бабенко - коньки жарысы, 14 мың м
9. Николай Чеботько - шаңғы жарысы, классика, 15 шақырым
10. Инна Симонова, Ксения Мотова, Дарья Волокитина и Анна Самарина - шорт-трек, эстафета, 3 мың м
11. Айдар Бекжанов, Артур Султангалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев - шорт-трек, эстафета, 5 мың м
12. Алексей Полторанин - шаңғы жарысы, классика, 10 шақырым
13. Радик Жапаров - К95 трамплинінен секіру
14. Марина Лебедева - биатлон, 15 шақырым
15. Ксения Строилова - тау шаңғысы, суперкомбинация
16. Александр Жигин, Артем Белоусов и Дмитрий Бабенко - коньки жарысы, жаппай жарыс, 3,2 шақырым
17. Светлана Малахова-Шишкина - шаңғы жарысы, марафон, 15 шақырым