АЗИАДА: Шайбалы хоккейден премьер-дивизионның жеңімпазы – Қырғызстан құрамасы

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін 7- Қысқы Азия ойындары аясындағы Астанада шайбалы хоккейден премьер-дивизиондағы командалардың соңғы ойындары өтуде.
None
None

Онда Қырғызстан құрамасы Куейттің хоккейшілерін 15:4 есебімен жеңді. Осылайша Қырғызстан құрамасы премьер-дивизиондағы командалардың ішінде бірінші орын алды. Қырғызстандық хокейшілер бұған дейінгі ойындарында Тайландты 15:4, Біріккен Араб Әмірліктерін 14:0, Моңғолияны 13:3, Малайзияны 23:2, Бахрейнді 15:10 есебімен ұтқан болатын.

Енді, бүгін Моңғолия - Тайланд және Малайзия - Біріккен Араб Әмірліктері ойындары барысында 2-3 орындардың иегерлері анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар