Азиада: Шайбалы хоккейден жоғары дивизион ойындары басталды
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде 7-Қысқы Азия ойындары аясындағы шайбалы хоккейден ерлер арасындағы жоғары дивизион ойындары басталды.
Осы санаттағы алғашқы кездесу Корея мен Қытайлық Тайпей елдері арасында өтті. Ойынның нәтижесі бойынша кореялық хоккейшілер Қытайлық Тайпей командасын 22:0 есебімен ойсырата ұтты. Бүгін кешқұрым Қытай мен Жапонияның құрама командалары кездеспек. Ал ертең, ақпанның 1-і күні жоғары дивизионда ойнайтын біздің хоккейшілер Қытайдың командасымен өзара сынға түсетін болады. Жалпы бұл санатта 5 ел - Қазақстан, Жапония, Корея, Қытай және Қытайлық Тайпей командалары өнер көрсетпек.
Сондай-ақ бүгін премьер-дивизионда өткен Бахрейн-Біріккен Араб Әмірліктері ойынының нәтижесі бойынша арабтар өз қарсыластарын 25:0 есебімен жеңді.