Азиада: Стенд атудан қазақстандық көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Азия ойындарында спорттың бірнеше түрінен қазақстандық атлеттер сынға түсуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰОК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Азиада: Стенд атудан қазақстандық көш бастады

Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша бақ сынаған Мария Дмитриенко іріктеу кезеңінде бірінші орынға шықты. Ол 49 ұпай жинаған. 

Ал Анастасия Давыдова 19-орында. 

Нысана көздеушілер де Азия ойындарын бастап кетті. 10 метрге винтовкамен атудан сынға түскен Клейменов/Староситан жұбы 11-орын иеленіп, келесі кезеңге өте алмады.