АЗИАДА: Тау шаңғысы спортынан қыздар арасындағы суперкомбинация жарысында оңтүстік кореялық спортшы Ким Сун Джу топ бастады

АЛМАТЫ. 4 ақпан. ҚазАқпарат - 7-Қысқы Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы оңтүстіккореялық спортшы Ким Сун Джу (Kim Sun Joo) тау шаңғысы спортынан қыздар арасындағы суперкомбинация жарысының бірінші кезеңінен кейін көш бастады.
None
None

Бірінші кезеңде спортшылар суперкомбинацияның бірінші түрі - супергигант слаломынан өнер көрсетті. Ким Сун Джу қашықтықты 1 минут 8,31 секундта еңсерді. Одан 0,36 секунд қалып қойған қазақстандық спортшы Людмили Федотова екінші орында келеді. Ал үшінші орынға тағы бір жерлесіміз Ксения Строилова орналасты. Ол оңтүстіккореялық спортшыдан 3,91 секундқа қалып келеді.

Соңғы жаңалықтар