Азиада және ЕҚЫҰ саммиті кезінде бұрындары қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар жіті бақылауда болады - ҚР ІІМ

СТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Азиада- 2011 және ЕҚЫҰ саммитінің қарсаңында қауіпсіздік шаралары мақсатында бұрындары қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар жіті бақылауда болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада «Bnews.kz» порталында өткен онлайн конференцияда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Кулинич мәлім етті.

«ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен 7-ші қысқы Азия ойындары сынды елеулі шаралардың өтуі кезеңінде қоғамдық тәртіпті күзету мақсатында Ішкі істер министрлігі бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шараларын қолға алуда», деді А.Кулинич.

Оның айтуынша, бұрындары қылмыстық жауапкершілікке тартылған, құқық қорғаушылардың алдын алу есебінде тіркеуде тұрған және бүгінгі уақытта ешбір жерде жұмыс жасамайтын азаматтар жіті бақылауда болады.

«Оларға қатысты жоғары қадағалау шарасы қолданылады. Полицейлер тек алдын алу шараларын өткізіп қана қоймай, сонымен қатар олармен өзін-өзі әдебі жөнінде жеке-жеке жұмыстар жасайды», деді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, шара өтетін кездері қалада күзет пен қауіпсіздік шаралары күшейтілмек.

Соңғы жаңалықтар