Азиададағы 26-шы «алтын» Қазақстан үшін рекордтық жеңіс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі сәтте Азиадада Қазақстан қоржынында 26 алтын медаль бар, деп хабарлады sports.kz.
Сөйтіп, Қазақстан Қазақстан Азия ойындарына қатысуының бүкіл тарихында алтын медальдар саны жағынан өзінің ең үздік көрсеткішін паш етті. Бұған дейінгі рекордтық көрсеткіш 1994 жылы болған еді, онда қазақстандық спортшылар 25 алтын медальға қол жеткізген болатын.
26-шы алтынға ирандық спортшымен финалдық сынға түскен қазақстандық боксшы Антон Пинчук ие болды.