Азиададағы алтын үшін - миллион теңге

АҚТӨБЕ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов 7-Қысқы Азиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті.
None
None

Кездесуге қатысушылар арасында допты хоккейден ұлттық құрама мүшесі, 15 жасар Сұлтан Қадыржанов, халықаралық санаттағы спорт шебері Раиса Байлиева, кигбоксингтен спорт шеберіне кандидат, Азиаданың қола жүлдегері Айболат Маратұлы бар.

Облыс әкімі Елеусін Сағындықов спортшыларға Азиадада қол жеткізген жеңістері үшін алғыс айтып, естелік сыйлықтарын табыс етті, сонымен қатар ақшалай жүлде де берді.

Атап айтқанда, Азиадада алған алтын жүлдесі үшін Сұлтан Қадыржанов 1 миллион теңгеге ие болды. Хромтау қаласындағы №2 гимназияның 9-сынып оқушысы облыс әкіміне зор алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар