Азиададағы Қазақстанның хоккей құрамасы сапында қарағандылық «Сарыарқа» клубының екі ойыншысы да бар

ҚАРАҒАНДЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының ойыншылары Рустам Есіркенов пен Сергей Яковенко 7-Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының сапына кірді.

Азиададағы Қазақстанның хоккей құрамасы сапында қарағандылық «Сарыарқа» клубының екі ойыншысы да бар

Бұл туралы «Сарыарқа» ХК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«7-Қысқы Азия ойындарына шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының сапына «Сарыарқаның» екі хоккейшісі - Рустам Есіркенов пен Сергей Яковенконың шақырылғаны мақтаныш тудырады. Еліміздің туына тағы да сап түзеген олар, Қазақстан құрамасына алтын алып беретініне шын сенеміз», - деп атап өтті клубтың баспасөз қызметі.

Екі хоккейші де Азия ойындарына тұңғыш рет қатысып отырған жоқ.