Азиадаға баратын таеквондо командасының құрамы белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 тамыз-2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын таеквондо командасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл күндері Қазақстан таеквондо құрамасы Оңтүстік Кореяның Тэджун қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Жаттығу кезеңі 14 тамызға дейін созылады.
Азия ойындарына қатысатын таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы:
Керюги:
1. Елдос Ысқақ
2. Қазыбек Бақтиярұлы
3. Ерасыл Қайырбек
4. Нұрлан Мырзабаев
5. Руслан Жапаров
6. Айнұр Есбергенова
7. Фариза Алдоңғарова
8. Маржан Төлепбергенова
9. Ақсәуле Ерқасымова
10. Дениз Джансель
Пумседен:
1. Руслан Манасбаев
2. Нұрқанов Ерлан
3. Шелков Артем
4. Чен Вячеслав