Азиадаға орай Астанаға Қазақстанның үш облысынан төтенше жағдайлар министрлігінің қосымша күштері шақырылып отыр

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы 7-7-Қысқы Азия ойындарының өткізілуіне дайын,

Азиадаға орай   Астанаға  Қазақстанның  үш  облысынан   төтенше   жағдайлар   министрлігінің   қосымша күштері  шақырылып  отыр

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарынан келген Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті 7-Қысқы Азия ойындары кезінде кезекшілік атқаруға әзір», - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Азиада кезінде тәулік бойы кезекшілік атқаратын жеке құрамның жалпы саны - 279 адам, сондай-ақ кезекшілікке 40 өрт сөндіру және арнайы техникасы, оның ішінде бір тікұшақ тартылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық құрылымдық бөлімдері Азиада күндері күшейтілген жұмыс режіміне ауысады.