Азиаданың алғашқы іріктеу сайыстары басталды
АТЫ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 7-қысқы Азия ойындары аясында шайбалы хоккейден Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары арасында әйелдер тобының алғашқы бөлімінің іріктеу сайыстары (S1 vs S2) басталды.
Ойын басталысымен алғашқы 1-минутта Жапония құрамасының сапынан 23 нөмірдегі ойыншы Ами Накамура есеп ашты. Әзірге есеп 0:1 есебімен Жапония құрамасының басымдылығымен өтіп жатыр.
Бұдан кейінгі Қазақстан мен Оңтүстік Корея ерлер құрамаларының кездесуі кешкі сағат 19:00-де өтеді.