Азиаданың осы уақыттағы нәтижесі: Қазақстан құрамасы 13 алтын, 13 күміс және 7 қола медальмен бірінші орында келеді

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Азиаданың осы уақыттағы нәтижесі: Қазақстан құрамасы 13 -алтын, 13 -күміс және 7 - қола медальмен бірінші орында келеді.

Азиаданың осы уақыттағы нәтижесі: Қазақстан құрамасы 13 алтын, 13 күміс және 7 қола медальмен бірінші орында келеді

Қазақстан қоржынында қазіргі уақытта барлығы 33 медаль бар.

Екінші орында 6 алтын, 4 күміс және 6 қола медальды қанжығаларына байлаған Қытай спортшылары келеді.

Оңтүстік Корея спортшылары 6 алтын, 4 күміс және 5 қола жүлдемен үшінші орынға орналасып отыр. Жапония құрамасы 5 алтын, 7 күміс және 9 қола медальмен төртінші орында тұр.

Осы уақытта сондай-ақ, ирандық және моңғолиялық спортшылардың еншісінде сәйкесінше екі және бір «қоладан» бар.