Азиаданың осы уақыттағы нәтижесі: Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр
АНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясындағы жарыстардың осы уақыттағы нәтижесі бойынша, Қазақстанның құрамасы бейресми жалпы командалық есепте бірінші орында тұр.
Қазақстанның қоржынында барлығы 27 медаль бар, оның 10-ы алтын, 10-ы күміс, 7-еуі қола.
Екінші орында 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медальді иеленген оңтүстік корейлік спортшылар келеді.
Жапон құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 5 қола жүлделерімен үшінші орынға орналасты. Азиаданың басты командасы есептелініп келген қытайлық спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 4 қола наградамен әзірше төртінші орында тұр.
Үздік бестікті бір-бір қола медальді еншілеген Иран және Моңғолия құрамалары тұйықтап отыр.