«АзиаСат -5» жерсерігі белгіленген орбитаға шығарылды

АСТАНА.  Тамыздың  12-сі.   ҚазАқпарат  /Сара Қабиқызы/ - Бүгін  түнде  «Байқоңыр» ғарыш  айлағынан «Протон-М  зымырантасымалдағышымен  ұшырылған  «АзиаСат -5»     ғарыш аппараты   белгіленген  орбитаға   шығарылды.

«АзиаСат -5»  жерсерігі    белгіленген орбитаға    шығарылды

«Ресейғарыш»  агенттігінің баспасөз қызметінен  хабарлағанындай,  жаңа жерсеріктің  міндеті    - орбитадағы 100,5   градус  шығыс бойлықтағы    «АзиаСат-2»   ғарыш аппаратын   ауыстыру  болып табылады.

Естеріңізге сала  кетейік, «АзиаСат-5»   аппаратын  американдық «Space Systems Loral»   фирмасы   Қытайдың Asia Satellite Telecommunications Holding Ltd.»  жерсерік байланысы  операторы мен «International Launch Services Inc. (ILS)» компаниясының  тапсырысы  бойынша      жасаған.